«Көктем 2017» республикалық оқу-жаттығуы өткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 9-10 наурыз аралығында «2017 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбындағы «Көктем 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды ТКЖ баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері - орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары - ТЖ-ның алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиялар, облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысады.
Оқу-жаттығуды басқару штабы Қостанай қаласында.
Оқу-жаттығу көктемгі су тасқыны кезіндегі болуы ықтимал төтенше жағдайларды жоюға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі мен халықтың әзірлігін және қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңіндегі ТЖ-ға әзірлігін тексеру мақсатында өткізіледі.
«Көктем-2017» оқу-жаттығуы аясында жалпы республика бойынша қауіп-қатер және тасқын су ахуалының қолайсыз өршуі шарттарындағы іс-қимылдарды пысықтау бойынша тактикалық-арнайы жаттықтырулар өткізіледі. Сонымен қатар дабыл жүйесі де іске қосылады.