Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 1,5 трлн теңге қажет

АСТАНА. KAZINFORM – Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 1,5 трлн теңге қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.

қызылорда
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Егіс жұмыстарын қаржыландыру маңызды мәселе саналады. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, сапалы тұқым, тыңайтқыш, пестицидтер, жанар-жағармай және тағы басқаларды қолдану сияқты агротехникалық шараларды ескере отырып, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын сапалы жүргізу үшін жеңілдетілген кредит беруге шамамен 1,5 трлн теңге қажет», - деді министр.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, биыл «Кең-дала» бағдарламасы аясында 140 млрд.теңгеге қаржыландыру көзделген. Сондай-ақ форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасуда. Биыл ол 40 млрд теңгені құрайды. Қалған қаражатты басқа қаржыландыру көздерінен қарастыру. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 100 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл көктемгі егіс жұмыстарына қосымша 425 млрд теңге жеңілдетілген кредиттер тартуға мүмкіндік береді.

«Көктемгі егіс науқанын өткізу мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. Барлық проблемалық мәселе министрліктің жедел штабының отырыстарында қаралатын және шешілетін болады. Қабылданған шаралар егіс науқанын сапалы және оңтайлы агротехникалық мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар