Көктемгі дала жұмыстарын несиелендіруге 80 млрд. теңге бөлінді
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржылық институттары агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 2012 жылы 95,85 млрд. теңге жұмсауды жоспарлауда,
деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржылық институттары ағымдағы жылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға 95,85 млрд. теңге жұмсауды жоспарлауда», - делінген ведомство хабарламасында.
Оның ішінде 80 млрд. теңге бюджеттік несие көктемгі дала жұмыстары мен егін орағын несиелендіруге, дихандарды қаржыландыратын шағын несиелендіру ұйымдарын қаржыландыруға және АӨК субъктілерінен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға тартылған займдар бойынша міндеттемелерді қаржыландыруға жұмсалады.