12:46, 15 Мамыр 2012 | GMT +5
Көктемгі егіс науқанын тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі шешілді - ҚР АШМ
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Көктемгі егіс науқанына қатысатын ауыл шаруашылығы техникаларының дайындық деңгейі 97 пайызға жетті.

Бүгін селекторлық режімдегі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай айтты.
«Еліміздің аумағында көктемгі егіс науқаны аясында тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Тұқымның сапасын жаппай тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде оның 98 пайызы тексеріліп болды»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 95-97 пайызға жетіп отыр. «Биылғы егіс науқанына 2,5 мыңға жуық жоғары өнімділікті кешендер қатысады. Осы арқылы бұл техникамен 5 млн. гектардан астам астық дақылдарын егуге мүмкіндік жасалады»,-деді ведомство басшысы.