Көктемгі егіс науқанына қатысатын техниканың 88 пайызы дайын - АШМ

АНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Көктемгі егіс науқанына қатысатын техниканың 88 пайызы әзірленді.

Көктемгі егіс науқанына қатысатын техниканың 88 пайызы дайын - АШМ

Бұл туралы бүгін селекторлық форматтағы Үкіметтің отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

«Қазіргі уақытта облыс әкімдіктерінің мәліметтері бойынша көктемгі егіс науқанына қатысатын техниканың 88 пайызы жөндеуден өтіп, дайын тұр. Бұл былтырғыдан 2 пайызға артық»,-деді министр.

А. Күрішбаевтың атап өтуінше, дәнді-дақылдардың 8,1 млн. гектары немесе жартысына жуығы озық технология кешендерінің көмегімен себіледі.