Көктемгі егіс науқанына жеңілдікті бағамен жеткізілетін жағармай туралы тиісті шешім шығарылды - А. Мамытбеков
АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекеттік комиссия отырысында көктемгі егіс науқанына жеңілдікті бағамен жеткізілетін жағармай туралы шешім шығарылды.
Бұл жайында бүгін өзінің Твиттерінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
«Мемлекеттік комиссияда көктемгі егіс жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 360 мың тонна жанар-жағармайды жеңілдікті бағамен (1 тоннасына 86,7 мың теңге) жеткізу шешімі жасалды», -делінген онда.
Айта кетейік, Қазақстанда көктемгі егіс және күзгі егін орағы жұмыстарына арналып жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін жағармай дәстүрлі түрде жеңілдікті бағамен жеткізіледі.