Көктемгі егіс жұмыстарына арзандатылған дизель отыны 92 теңгені құрайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл көктемгі егіс науқанын жүргізуге ауыл шарушылығы тауарларын өндірушілер үшін арзандатылған 1 литр дизель отынының құны 92 теңге болады.

Көктемгі егіс жұмыстарына арзандатылған дизель отыны 92 теңгені құрайды

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаментінің директоры  Ажар Қаджыбекова мәлім етті.

2016 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажетті дизель отынының көлемі шамамен 367 мың тоннаны құрайтынын жеткізген ол, «өңірлерде дизель отынының орташа құны 1 литріне 92 теңгені құрайды, ал оның нарықтық бағасы 99 теңге деңгейінде,-деді.

ҚР АШМ мәліметіне қарағанда, наурыз-сәуір айларында 185 мың тонна дизель отынын жеткізу жоспарланған. 4 сәуірдегі жағдай бойынша облыстардағы операторлар 51 мың тонна отынға төлем жасаған екен.