Көктемгі егіс жұмыстарына қажетті қаржы уақытында берілетін болады ? Үкімет басшысы

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Көктемгі егіс жұмыстарына қажетті қаржы ақпанның 20-сына дейін «ҚазАгро» холдингіне берілетін болады.
None
None
Әрі қарай ауыл шаруашылығы мамандарымен бірлесіп әрекет ету қажет. Бүгін Парламент Мәжілісінің «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында депутат тарапынан қойылған сауалға Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Асылжан Мамытбековтың сөзіне қарағанда, ұлттық холдингтен бөлінетін 1 миллиард теңгеден бөлек тағы 19 миллиард теңге бар. «Ол қаржыға қатысты жүргізілетін жұмыстардың жай-жапсарын біз әлі айқындайтын боламыз. Қаржының бір бөлігі астық ресурстарын сатып алуға жұмсалады. Ал ұлттық холдингтен бөлінетін ақшаны біз қазір тіркеу үстіндеміз. Бұл жұмыстар жақын күндерде аяқталады», - деді басқарма төрағасы.
Соңғы жаңалықтар