12:30, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Көктемгі егіс жұмыстарына ұлттық қордың қаржысы тартылып отыр ? А.Күрішбаев.
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіске дайындық жұмыстарын бастады.
Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте аталған саланың басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде республиканың барлық өңірлері егістік жұмыстарына қажетті тұқым өнімдерімен қамтамасыз етілген. Отандық техника кешенінің күш-қуаты көктемгі егін егу жұмыстарын белгіленген уақытта орындап шығуға жетеді. «Бір ғана мәселе ? ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге берілетін несие мүмкіндігінің шектеулі болуы. Осы мәселені шешу мақсатында еліміздің ұлттық қорында уақытша бос тұрған қаржыны «ҚазАгро» ұлттық холдингі арқылы игеру туралы шешім қабылданды», - деді А.Күрішбаев.