12:48, 20 Сәуір 2011 | GMT +5
Көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыру кестесі бекітілді - К.Мәсімов
АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Бүгін экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында көктемгі егістік жұмыстарын қаржыландыру кестесі бекітілді.
«Экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткіздім. Көктемгі егістік жұмыстарды қаржыландыру кестесін бекіттік», - деп жазды Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов өзінің Twitter сайтындағы бетінде.