Көктемнің салқын болуы және ұзаққа созылуы егіс жұмыстарына кедергі келтіруде ? ҚР АШМ
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Жауын-шашынның тым жиілеп кетуі егіс жұмыстарына кедергі келтіруде. Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне ҚР АШМ егіншілік және фитосанитарлық қауіпсіздік департаменті агротехнологиялық саясат басқармасының бастығы Сағынтай Жұмажанов айтты.
«Қазақстанның солтүстік өңірінде негізгі дәнді дақылды себу мамырдың 15-30-ы аралығында жүргізілетін. Биыл егіс науқанын осы мерзім ішінде аяқтап шығудың мүмкіндігі болмайтын секілді, өйткені көктемнің салқын болуы және ұзаққа созылуы, оның үстіне жауын-шашынның молдығы қолбайлау жасауда. Бұл жалпы жағдайға кері әсері етуі мүмкін, жылып үлгермеген жер қойнына сіңірілген дәннің көктеп шығуы да тым баяу болмақ. Ал Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық дәнді дақылдардың 75-80 пайызы орналастырылады», - деп айтады С.Жұмажанов.Оның айтуынша, осы жылдың наурыз және сәуір айларында орташа алғанда: Қостанай облысында ? 50 мм, Солтүстік Қазақстан облысында ? 44 мм, Ақмола облысында ? 36 мм, Павлодар облысында ? 34 мм, Оңтүстік Қазақстан облысында ? 155 мм, Жамбыл облысында ? 96 мм, Алматы облысында ? 112 мм деңгейінде ылғал түскен.Ылғалдың тым мол түсуі салдарынан оңтүстік өңірлердегі жекелеген мақта алқаптарына шитті мақта қайта себілуі мүмкін. Дегенмен, әзірге бізде бұл туралы ақпарат жоқ, деп атап өтті басқарма бастығы.