«Көктөбе» саябағында 3 400-ден астам ағаш отырғызылды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Көктөбе» саябағында ағаш және тал-шіліктер отырғызу жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін аталмыш саябақтың басшылығы хабарлады. Күні бүгінге дейін барлығы 3 472 көшет отырғызылған.

«Көктөбе» саябағында 3 400-ден астам ағаш отырғызылды (ФОТО)

Сонымен қатар, жоғарыдағы стансаның іргесіне 960 түп раушан гүлі, ал саябақтың жоғарғы алаңқайында 18 үйеңкі ағашының көшеті егілді. Көктөбенің оңтүстік-батыс бөктеріне алма, өрік, алмұрт, шабдалы секілді жеміс ағаштарының да көшеттері отырғызылды.

Көктөбенің батыс және солтүстік-шығыс жағында да көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылып, тамшылап суару жүйесі орнатылды. Наурыз айында мұнда 7 түп «Сакура» шиесі мен 100 түп бөртегүл көшеті егілген болатын.

Сондай-ақ, болашақта саябақ аумағында апорт алмасы жайқалып өсіп тұратын болады. «Интеграция» халықаралық қорының төрағасы Сергей Терещенко саябаққа апорт алмасының 200 көшетін сыйға тартты.

«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ұсынысымен жер көшкінін болдырмас үшін 2004 жылы Көктөбенің шығыс және солтүстік жағында тереңдігі 9 метрден 24 метрге дейін болатын 395 ұңғыма қазылып, бетондалған еді. Бірақ, кейін бұлардың жеткіліксіз екендігі белгілі болды. Сөйтіп, 2014-2015 жылдары қосымша ұзындығы 22,5 метр болатын тағы 365 бағана қағылды. Сондай-ақ, Көктөбенің беткі қабатын судың әсерінен қорғау мақсатында гидрооқшаулау шарасы жүргізілді.
Кок Тобе Кок Тобе Кок Тобе Кок Тобе Кок Тобе