Көктөбеге Туссон-Алматы достығының белгісі қойылды

МАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы Көктөбеге АҚШ-тың Туссон қаласы мен Алматының достығының айғағы ретінде ескерткіш ашылды.
None
None

Алматы Туссон қаласымен 1989 жылдан бері бауырлас. Бүгін соның айғағы ретінде ашылған алтын түстес ескерткішті белгілі американдық мүсінші Марк Росси жасаған. Ол өз туындысында Туссон қарайтын Аризона мен Алматының белгісін, сондай-ақ «Туссон-Алматы» бауырлас қалалар комитеті құрылған күннен бергі кезеңді бейнелеген.

Ескерткіштің ашылуына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, АҚШ-тың ҚР-дағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвей, сондай-ақ «Туссон-Алматы» бауырлас қалалар комитетінің өкілі Джерри Гэри бастаған Туссон қаласының делегациясы қатысты.

А.Есімов өз сөзінде Алматы түрлі елдердің 17 қаласымен бауырлас екендігін , олармен жақсы қарым-қатнас жолға қойылғандығын атап өтті. «Бауырлас қалалар түрлі мәдениет күндерін, фестивальдар, мәдени шаралар өткізіп тұрады. Бүгінгі шара соның бір айғағы», - деді қала әкімі. Ол сондай-ақ өз сөзінде ескерткіш екі қала достығының куәсі ретінде табиғаты әсем Көктөбеге келушілерге қуаныш сыйлайтындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар