Қоқыс полигондарының басым бөлігі санитарлық талаптарға сәйкес емес - Н.Қаппаров
«Қалдықтар полигондары мәселесіне тоқталатын болсақ, қоқыс жинайтын орындардың 97 пайызы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Бұл бағытта Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесі бағдарламасының жобасы бойынша жұмыстарды талдауы барысында зерделенді. Бағдарлама қазіргі кезде қабылдау кезеңінде», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, Астанадағы қоқыс полигоны ғана санитарлық талаптарға сай келеді, ал қалғандары еуропалық стандарттың талабына сәйкес емес көрінеді. «Сондықтан да осы жұмыстар аясында тиісті шараларды жүзеге асыратын боламыз. Тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесі бағдарламасы қабылданғаннан кейін, біз пайдаланылып жатқан полигондар мәселесімен айналысып, оларды қалыпқа келтіреміз. Сонымен қатар еуропалық талаптарға жауап беретін жаңа қоқыс жинайтын орындардың құрылысын іске асырмақпыз», - деді Н.Қаппаров.