05:11, 17 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қоқыс жинаған піл ғаламтор жұлдызына айналды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламтор беттерінде пілдің қоқыс жинап жатқаны түсірілген ролик пайда болды. «Бұндай іспен тіпті жануарлар да айналыса алады. Неге біз солай жасамаймыз?» Видео жариялаған автор көрермендерге осындай сұрақ қойған.
Ақылды жануар жайлы түсірілген видео YouTube желісінде танымал болды. Жарияланғанына 1 апта өтпесе де оны 900 мыңнан астам көрермен тамашалап үлгерген.