16:17, 11 Шілде 2017 | GMT +5
Қоқыс жұмысшысы тауып алған 12 мың доллар салынған әмиянды иесіне қайтарып берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияда қалдықтар зауытының жұмысшысы қоқыстан 12 мың доллар және көптеген несиелік карталар салынған әмиян тауып алды, деп хабарлайды CNN Turk.

Ейс Демеркан тауып алған затты жасырмай, әмияндағы карталардың бірінде көрсетілген адамның аты-жөні бойынша иесін тапқан.
Ақша иесі қалдықтар зауытының жұмысшысының бұл әрекетіне қайран қалып, ұзақ уақыт алғысын білдірген.