Қоқыстан танкіге қарсы қолданылатын мина тауып алды

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жергілікті тұрғын қоқыстан танкіге қарсы қолданылатын мина тауып алды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қоқыстан танкіге қарсы қолданылатын мина тауып алды

ТЖМ хабарлауынша, 2010 жылғы шілденің 6-сында Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылынан 500 метр жердегі қоқыстан жергілікті тұрғындар минаға ұқсас зат тауып алған.

"Арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында аталған заттың ТН 62 М маркілі танкіге қарсы қолданылатын мина екендігі анықталды. ТЖМ-нің хабарлауынша, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жарылғыш затты жою үшін "Анна" шаруашылығының қоймасына орналастырды",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.