Көкжайлауда тауға шығам деп жарақат алған турист қыз құтқарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауларында адасып қалған турист қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін 15:49 кезінде Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің шұғыл қызметіне қала тұрғыны хабарласып, көмек сұраған.
«Хабарласқан адам кезекші операторға Көкжайлауда тауға шыққан турист қыз жарақат алып, өз бетінше қозғала алмай қалғанын айтқан. Құтқару қызметінің экипажы тез арада қызды іздеуге кірісіп кетті. Олар адасқан бойжеткеннің нақты қай жерде екенін хабарласқан адам айтқан мәліметтерге қарап анықтады» деп мәлім етті қалалық құтқару қызметі.
Құтқарушылар туристі тез тапты. Тиісті көмек көрсетілген соң қыз қауіпсіз жерге жеткізілді. Одан кейін Апаттық медицина орталығының дәрігерлеріне тапсырылды