Қол кептіретін аппараттың зияны көп - Зерттеушілер

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қол жуғаннан кейін пайдаланып жүрген қол кептіретін аппарат үнемділігі әрі экологиялық жағынан пайдалы. Сондықтан, кәсіпорындарда ол қағаз бен беторамалдың орнын тез алмастырды. Алайда, ол көптеген микробтың тарауына әсер етеді, деп хабарлады ғылыми Science World Report сайты.

Қол кептіретін аппараттың зияны көп - Зерттеушілер

Ғалымдар арнайы мақсатта аталған аппарат орнатылатын қоғамдық орында кездеспейтін қауіпсіз ұйыған сутекті бактерияны қолға жағып, оны дұрыс жумай қолкептіргішті пайдаланып көреді. Зерттеу жұмысы нәтижесінде ауада ұйыған сутекті бактериялар пайда болады. Мамандардың айтуынша, қолкептіргіштен ауаға тарайтын бактериялар саны 4,5 есе көп. Ал қағаз сүлгіні пайдаланғанда тарайтын бактериялар саны одан 27 есе кем болған.

Осылайша «қолкептіргіш» түрлі ауруды таратып, адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін деген болжам жасалып отыр. Сондықтан, ғалымдар аурухана сияқты мекемелерде дәретханалардың жобасын жасаған кезде осы деректерге назар аудару керектігін ескертеді.