Қол күресінен батысқазақстандық қос спортшы Азия чемпионатына жолдама алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында гір спортынан және қол күресінен жасөспірімдер мен жастар, ерлер мен әйелдер арасында өткен ҚР чемпионатында батысқазақстандық спортшылар жүлделі ойындарға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қол күресінен батысқазақстандық қос спортшы Азия чемпионатына жолдама алды

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, гір спортынан 2001 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында Жақсығали Бақтығалиев +73 келі салмақта және 1999-2000 жылғылар арасында Расул Төлеуов +78 келі салмақта күміс жүлдегер атанды. 

Қол күресінен әйелдер арасында Кенжеқыз Қаупенова 65 кг, Әсел Жұмағамбетова 80 кг салмақта қола жүлдені иеленіп, Қырғызстанда, Ыстықкөлде 1-10 маусым аралығында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.

Қол күресінен БҚО құрамасының аға жаттықтырушысы Мұрат Ибатовтың айтуынша, аталмыш чемпионат өте тартысты өтті. Мысалы, Шардараның өзінен 100-ден астам спортшы қатысып, олар абсолюттік салмақта алдарына жан салмады. Енді Алматы қаласында 13-17 наурыз аралығында жастар мен жасөспірімдер арасында Азия және әлем біріншілігіне баратындар іріктеледі. 

nullnull