«Қола»: Қазақстан Азиададағы 55-ші медаліне қол жеткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Азиададағы 55-ші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комиетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азия ойындарының қола медаліне батутта секіру шебері Пірмаммед Әлиев қол жеткізді.
Спортшы біліктілігін дәлелдеу кезінде жарысты алтыншы орында аяқтаған болатын. Соған қарамастан, жинаған ұпай саны Пірмаммед Әлиевтің финалға шығуына мүмкіндік берді. Ол екі рет өнер көрсетіп, 103.470 ұпай жинады.
Финалда әрбір секіруші тек бір рет қана өнер көрсетуге тиіс болатын. Төрешілер қазақстандық спортшының шеберлігін 57.460 ұпаймен бағалады. Бұл оның үшінші орынды жеңіп алуына мүмкіндік берді.
Алтын медальді 59.460 ұпаймен қытайлық Донг Донг иеленді. Екінші орын да қытайлықтардың қанжығасында кетті. Лей Гао 59.220 ұпаймен күміс жүлдеге ілікті.