Қола медаль алған бельгиялық футболшылар қандай сыйақы алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгия Футболдан әлем чемпионатында  ел тарихында алғаш рет қола медаль жеңіп алған ұлттық құрама командасына зор құрмет көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, Бельгия құрамасы 1986 жылы Мексикада өткен Футболдан әлем чемпионатында төртінші орын алған болатын. Ал бұл чемпионатта Ұлыбритания құрамасын 2-0 есебімен тізе бүктіріп, жүлделі орынға табан тіреген еді.

Бүгін түс ауа қола жүлдегерлер король сарайына бет алады. Онда футболшыларды ел патшасы Филипп пен Матильда ханшайым құттықтайды. Осыдан кейін құрама команда мүшелері төбесі ашық автобуспен Брюссельдің бас алаңы «Гран-Пласқа» бет алады. Сол жерде елдің халық бірлігі күнін тойлау шарасына қатысады.

«Гран-Пласта» орын жетпеген тұрғындарға қалалық билік үлкен экран жасап қойған. Көрермендер ресми шаралар аяқталғаннан кейін Франция мен Хорватия арасындағы әлем кубогының финалдық ойынын көре алады.

Брюссель көшелеріне халық батырларына құрмет көрсету үшін жүз мыңдаған жанкүйлер шығады деп күтілуде. Кешеден бері бүкіл қала тұрғындары ұлттық құраманың қара-сары-қызыл түсті киім үлгісін киіп алған.

Айта кетерлігі, Корольдік бельгиялық футбол одағы 1895 жылы құрылған. Әлем чемпионатында үшінші орын алғаны үшін Бельгия құрамасы ФИФА-дан 20,7 млн еуро алады. Аталған қаржыдан құрама команданың бас бапкеріне 750 мыңнан 1 млн еуроға дейін бонус төленеді. Ал әрбір ойыншы қола медаль үшін 312 мың еуродан алады.

Естеріңізге сала кетсек, 14 шілдеде футболдан 2018 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері анықталды. Бұл құрметті атақ Бельгия құрамасына бұйырды. Бельгиялықтар Англияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша Бельгия өз тарихында тұңғыш рет жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Бұған дейінгі олардың аталмыш доп додасындағы ең жоғары жетістігі - 1986 жылғы әлем біріншілігінде төртінші орын алуы. Сондай-ақ, Бельгия Еуропа біріншілігінде 1980 жылы күміс жүлдегер атанған еді.   Айта кетерлігі, Бельгия Англиядан топтық кезеңде де 1:0 есебімен басым түскен еді.  Бельгия мен Англия арасында бүгінге дейін 22 кездесу өткен екен. Бельгия көп жағдайда ағылшындарға есе жіберді. Небәрі 2 кездесуде жеңіске жеткен. Алғашқысы 1936 жылы болған жолдастық кездесу. Онда Бельгия 3:2 есебімен мықтылығын танытты. Одан кейінгі жеңіс биылғы топтық кезеңде болды. Ал 15 ойында ағылшындар жеңіс тойын тойлаған. Сондай-ақ, 5 кездесу тең аяқталған.

Соңғы жаңалықтар