Қола медалімді әлі алған жоқпын - зілтемірші Ұланов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасында төртінші орынды алып, артынан қарсыласы допингпен ұсталғанннан кейін қола медаль иегері атанған Денис Ұланов өзіне тиесілі медальді әлі алмапты. ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген зілтемірші Алексен Нидің кетуіне қатысты өз ойын білдірді.

Қола медалімді әлі алған жоқпын - зілтемірші Ұланов

«Енді, қазір румын (Габриэль Синкраян - авт.) соттасып жатыр. Сондықтан өз медалімді әлі алған жоқпын. Ал Алексей Нидің кетуі жайында айтар болсақ, Светлана Подобедова, Майя Манезалар допингпен ұсталғаннан кейін ол да бір азаматтығын танытып, өз еркімен кетуге шешім қабылдады деп ойлаймын. Меніңше, қазір аға буын өкілдерінің орнына жастар көптеп келе бастады. Соған сай мамандар бар деген ойдамын. Біздің ауыр атлетикамыз онсыз қатты қиналып қалады деп ойламаймын. Сол орынға лайықты жас әрі дарынды бапкерлер көп», - деді Д.Ұланов.

Ал Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Қазақстанның ұлттық құрамасын 20 жылдан астам уақыт басқарған бапкердің кеткенін қаламайды.


Айта кетейік, ҚР МСМ Денешынықтыру және спорт істері жөніндегі комитеттің төрағасы Елсияр Қанағатовтың айтуынша, желтоқсанның 5-і күні ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалады.