3 облыста маңызды автожолдарға шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM — 22 қаңтар сағат 22.00-дегі ахуалға сәйкес ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Бұл туралы QazAvtoJol жазды.
Алматы облысында — 1 учаске
1."Алматы-Шелек-Қорғас» 24-254 км, Ақы алу пунктінен-Жетісу обл. шек. дейін — 230 км.
(жел, нөлден төмен температура).
Жетісу облысы — 1 учаске
1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст. — 100 км.
(боран, шектеулі көрініс)
Батыс Қазақстан облысында — 2 учаске
1. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к.-213 км.
1. «Атырау-Орал» 189-371 км, Атырау обл. шек-Чапаев к. — 182 км.
(жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр).
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 206 бірлік техника және 287 адам жұмылдырылды.