Қолайсыз ауа райының салдарынан Алматы облысында екі учаске бойынша жол жабылуда - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі
АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қолайсыз ауа райының салдарынан Алматы облысында екі учаске бойынша жол жабылуда, деп хабарлады ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі.
Қолайсыз ауа райының салдарынан (ұйытқыма жел, қарлы боран) Алматы облысының Көктұма мен Жалаңашкөл ауылдарының арасындағы учаске бойынша (Үшарал - Достық автожолының 92-97 км) жол жабулы.
Сонымен қатар, 9 қаңтардың сағат 17.30-дан бастап 10 қаңтардаға сағат 07.00-ге дейін (боран, жолдың нашар көрінуі, ауа райының 30-32 градуске дейін төмендеуі) Алматы - Өскемен автожолының МАИ посты - Шығыс Қазақстан облысының шекарасы учаскесінде (558-615 км) жол жабылды.
Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына құлақ асқан жөн екендігін ескертеді.
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 44-46-85. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.
«Қазақавтожол» РМК диспетчерлік қызметтерінің байланыс телефондары:
Ақмола облысы /7162/ 77-10-15
Алматы облысы /7272/ 95-80-09, 95-88-74
Ақтөбе облысы /7132/54-46-42, 54-40-36
Атырау облысы /7122/ 29-01-44, 29-21-80
Шығыс Қазақстан облысы /7232/ 26-28-08, 24-08-98
Жамбыл облысы /7262/ 31-50-83, 31-60-05
Батыс Қазақстан облысы /7112/ 51-08-80, 51-06-10
Қарағанды облысы /7212/ 73-40-01
Қостанай облысы /7142/ 55-82-25, 55-82-30
Қызылорда облысы /7242/ 27-64-85, 27-77-06
Маңғыстау облысы /7292/ 60-53-06, 60-53-07
Павлодар облысы /7182/ 57-09-44
Солтүстік Қазақстан облысы /7152/ 36-74-39
Оңтүстік Қазақстан облысы /7252/ 55-80-95