Қолданыстағы екпелер вирустың барлық нұсқасына қарсы тиімді – ДДСҰ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Испания коронавирустан вакцина алғандарға берілетін электронды сертификат енгізеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданыстағы екпелер әзірге «вирустың барлық нұсқасына» қарсы тұра алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі уақытта қол жетімді және мақұлданған екпелер әәзірге «вирустың барлық нұсқасына» қарсы тиімді, деп мәлімдеді бейсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ). Сондай-ақ ұйым Covid-19 жағдайында «абайлап» әрекет етуді жалғастыруға шақырып отыр.
Еуропадағы жағдай жақсарса, «үнемі қауіп төндіруі мүмкін және жаңа белгісіз жағдайға әкеп соқтыратын « халықаралық сапарлардан аулақ болу керек. Бұл, әсіресе, Үндістанда алғаш рет тіркелген, бірақ өңірдегі елдердің жартысына тарап үлгерген жаңа нұсқаға қатысты«, - деп ескертті ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клуге.
«Қазіргі уақытта қолжетімді вакциналар төрт штамның барлығына да әсер етеді деп айта аламыз. Алайда індетке қарсы күресудің ең тиімді амалы вакцинация қарқынын арттыра отырып, үш негізгі талапты ұстану: маска тағу, қауіпсіз қашықтықты сақтау, қол жуу», - деді Клуге.
Францияда көптеген адамдар үшін пандемияның ең жағымсыз салдарының бірі дәмхана террасасында бір кесе кофе ішу мүмкіндігінен айырылу болды. Бірақ қазір елде вакцинация сәтті өткізілуде, науқастардың саны азайып келеді. Сол себепті бұл шектеуді де басқаларымен қатар алып тастауға болады.
Дәмханалар мен мейрамханаларда жұмысты қайта жандандыруға дайындық бірнеше күн бұрын басталды. Мейрамхана иелерінің бірі Ален Фонтен бұл туралы былай дейді: «Мен көптеген қиындықтардың орын алатынын білемін. Барлық шектеулер әлі өз күшін жойған жоқ. Ең бастысы – біздің ашылатындығымыз. Бірінші кезеңде бірқатар шектеу сақталатындықтан, террасалардың тек жартысын ғана толтыруға рұқсат етілген. Ал жалпы үстелге 6 адамнан артық отыруға болмайды. Коменданттық сағат кешкі 7-ден 9-ға ауыстырылады. Шектеулер біртіндеп жеңілдетілуде.
Испанияда Fitur халықаралық туристік жәрмеңкесінде вакцинация туралы электронды сертификат таныстырылды. Ол жоспар бойынша Испанияда 1 шілдеден бастап енгізіледі және Еуропалық одақтың бүкіл аумағында күшінде болады.
Денсаулық сақтау министрі Каролина Дариас сертификаттың QR код арқылы жұмыс істейдігін мәлімдеді. Электронды сертификат адамның вакцинациядан өтуі, ПТР-тест тапсыруы немесе коронавирустан ауырғаны туралы деректерді көрсетеді.