03:38, 16 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қолдарында сүймендері бар қарақшылар екі зейнеткер әйелдің тегеурініне төтеп бере алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астраханьда офистік ғимаратта қарауыл екі зейнеткер ұрлықтың алдын алды, деп хабарлайды ТАСС облыстық ІІМ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бабушкина көшесіндегі 68 үйге түн жамылып 5 адам кірген. Қарауыл әйелдер осындағы офистердің бірінен бөгде дыбыс естіген. Бөтен адамдарды көрген олар қорықпай қарсы ұмтылып, баукеспелердің арам ойларын жүзеге асыруларына бөгет жасады,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Беттерін тұмшалаған, қолдарында темір сүймендері бар ұрылар қашуға мәжбүр болған. Зейнеткерлердің бірі қарақшының бетін оңдырмай тырнап та алыпты. Қазіргі уақытта полиция қылмыскерлерді іздестіріп, мамандар келген шығын мөлшерін анықтауда.