Көлде мұз жару жұмыстарына байланысты көкшетаулықтарға ескерту жасалды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қылшақты өзенінің Қопа көліне құяр тұсында мұз жару жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлде мұз жару жұмыстарына байланысты көкшетаулықтарға ескерту жасалды

«Наурыздың 25-де су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Қылшақты өзенінің Қопа көліне құяр тұсында, жаяу жүргіншілер көпірі (Застанционный кенті жағындағы көпір маңында) маңында мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қала тұрғындарынан тыныштық сақтауды сұраймыз, алаңдауға негіз жоқ», - делінген Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен бірге, ТЖД қызметкерлері тұрғындарды көрінеу жалған ақпарат таратпауға шақырады.

«Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз», - деп толықтырды ведомстводан.