Көлді кентінде «Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін жедел дамыту жағдайындағы - білім тарату жүйесін жетілдіру» тақырыбында республикалық кеңес өтуде

АСТАНА. Ақпанның 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Қарасай ауданы Көлді кентінде «Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешенін жедел дамыту жағдайындағы - білім тарату жүйесін жетілдіру» деген тақырыпта республикалық кеңес өтуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл шараны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ, кеңес Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» агроөнеркәсіп кешені саласындағы білім беру және тарату орталығының ашылуымен де тұспа-тұс келді. Бұл заманауи білім және агротехнологияны таратумен айналысатын республикамыздың оңтүстігіндегі тұңғыш орталық. Мамандар АӨК саласында білім беретін екінші орталықты биылғы жылдың соңына дейін республикамыздың оңтүстік өңірінде, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының Оңтүстік-Батыс өсімдіктану және мал шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтында ашуды жоспарлап отыр. Агроөнеркәсіп кешенінің қыр-сырын үйрететін орталық ауылдағы тауар өндірушілерді жаңа агротехнологиямен оқытуға және фермерлердің білім деңгейін көтеру мақсатында құрылған. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мемлекеттің қолдауымен оңтайлы ұйымдастырылған осындай орталықтар аймақтардың жедел дамуына тиімді әсер етеді. Республикамызда бүгінгі күні осындай екі ілкімді орталық Ақмола, Қостанай облыстарында жұмыс істейді. Алғашқы жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, орталыққа агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары тарапынан үлкен қызығушылық бар. Ол үшін қазіргі заманғы агротехнология саласындағы білім беру ең алдымен ауылдағы тауар өндірушілердің нақты сұранысына сай және аймақтардағы АӨК саласын жедел дамытуға арналған тапсырмаларды жүзеге асыру ісіне бағытталған. Білім беру және тарату орталығының бағдарламасы мен оқу жоспары, өнім өндірушілердің барлық сұранысына сай негізделген. Сонымен бірге, аграрлық салада мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының ғалымдары орталықтағы кеңес беру мен дәріс оқу ісіне толықтай жұмылдырылатын болады. Осы жерде отандық және шетелдік өнім өндірушілердің ең үздік ауыл шаруашылығы техникалары мен технологиялық құрал жабдықтары көпшілікке таныстырылады. АӨК саласында білім беру және таратумен айналысатын «Үшқоңыр» орталығында 2009 жылы отандық тауар өндірушілер үшін теориялық білім мен болашақта өндіріске енгізілетін ауыл шаруашылығына арналған қазіргі заманғы технологияларды өндірістік тәжірибе арқылы түсіндіретін 20-дан аса түрлі шаралар өткізу жоспарланған. Жалпы еліміз бойынша, 2009 жылы білім беру орталығынан аграрлық сала мен аймақтардағы ауыл шаруашылығы департаменттерінің бір мың екі жүзден аса маманы білім алып шығады.
Соңғы жаңалықтар