«Көлеңкелі экономика» мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша ведомсвтоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдәев мәлім етті.

«Көлеңкелі экономика» мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды

«Салық төлеуден жалтарудың, «қолма-қол ақша операциялары» мен жалған кәсіпкерліктің жолын кесу және ескерту мақсатында бірлескен жұмыс нәтижесінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізілді. Ағымдағы жылы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. ҚР Парламент депутаттарының, Жоғарғы сот, ҚР Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігінің қатысуымен жалған кәсіпкерлік мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды», - деді комитет басшысы.

Оның айтуына қарағанда, 2012 жылы жалған кәсіпорын белгілері бар 352 заңды тұлғаға қатысты ақпарат берілді. Нәтижесінде Қаржы полициясы 235 заңды тұлғаға, яғни оның 67 пайызына қатысты іс жүргізу шешімін қабылдады.