Көлгінов: Биыл 200 мың жас жұмыспен қатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат –Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов биыл 200 мың жастың жұмыспен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлгінов: Биыл 200 мың жас жұмыспен қатылады

«Болжам бойынша жыл сайын еңбек нарығына 300 мың жас маман келетін болды. Оларды жұмыспен өалай қамтамасыз етеміз? Бұл мәселе бойынша арнайы бағдарлама бар ма?», - деп сұрады Президент Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің сөзінше, биыл наурыз айында тұжырымдама қабылданған.

«Биылдың өзінде 200 мың жас жұмыспен қамтылады. Бұл жаңағы «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», сонымен бірге шағын несиелер. Сондай-ақ ұжымдармен бірге бос жұмыс орындарына жастар жіберілетін болады», - деді вице-Премьер.

Айта кетейік, Үкімет үйінде Президент төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтіп жатыр.