Көлігі жол жиегіне шығып кеткен әйел мен оның балаларына көмек көрсетілді - ШҚО

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында полицейлер көлігі жол жиегіне шығып кеткен әйел мен оның балаларына көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлігі жол жиегіне шығып кеткен әйел мен оның балаларына көмек көрсетілді - ШҚО

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы «Семей-Курчатов» тасжолында болған.

Бірден сол жерге Әуезов полиция бөлімінің қызметкері, полиция капитаны Әскербек Қабиев аттанды.

«Учаскелік полиция инспекторы Чекоман ауылынан трактор шақыртқан. Көп ұзамай көлік қардан шығарылып, ең жақын орналасқан Достық ауылына дейін жеткізілді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, көлік тізгінінде болған әйел Курчатов қаласынан Семейге екі баласымен бірге бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ.