Көлігіңе артық жүк тиесең, айыппұл түбіртегі үйіңе келеді

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР ККМ Көліктік бақылау комитеті артық жүк тиегенге байланысты айыппұлды төлеу жөніндегі ұйғарымды отандық тасымалдаушылардың пошталық мекен-жайына жібере бастады,

Көлігіңе артық жүк тиесең, айыппұл түбіртегі үйіңе келеді

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Аталған тәртіп бұзушылықтар жүк көліктері өткен сайын электронды өлшеуіш құралдары арқылы тіркеледі. Салмақ параметрлерінің артық болуы министрліктің ахуалдық орталығына түседі де автоматты режімде ұйғарым әзірленіп, олар қағаз бетіне түсіріліп, автокөлік иелеріне жіберіліп отырады.

2013 жылғы 20 желтоқсаннан 2014 жылғы 20 қаңтар аралығында салмақ өлшеудің автоматтандырылған жүйесі арқылы жалпы сомасы 1,1 млрд. теңге құрайтын әкімшілік айыппұл салынғандығы жөнінде 2271 ұйғарым жіберілді.

2013 жылы Қазақстанның алты өңірінде (Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары) жүк көліктерінің салмағын қозғалыс барысында таразылайтын 13 арнаулы автоматтандырылған өлшеуіш құралдары іске қосылған.

Сонымен, салмақ өлшеудің электронды жүйесімен негізгі 4 халықаралық дәліз қамтылды (Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас, Алматы-Қарағанды-Петропавл, Астана-Қостанай-Челябі-Екатеринбург, Шымкент-Қызылорда-Ақтөбе -Орал-Самара).

Биылғы жылы Қазақстанның 9 өңірінде 18 салмақ өлшеу жүйесін орнату жоспарлануда (Қарағанды, ШҚО, Қызылорда, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ақмола, Жамбыл облыстары). Олар барлық 6 халықаралық автодәліздерді қамтитын болады.

Электронды салмақ өлшеу жүйелерін орнатумен қатар көліктік бақылаудың тұрақты бекеттері жабылатын болады. 2012 жылғы қаңтар мен 2014 жылғы қаңтар аралығында көлік және коммуникация министрінің бұйрығымен 11 тұрақты бекет жабылды.