19:53, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Көлік апатында 63 жастағы жолаушы көз жұмды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Шымкент-Самара» тасжолының Жаңақорған ауданындағы Бесарық елді мекені тұсында «ВАЗ-2109» автокөлігі «КамАЗ-5410» көлігінің артынан соққан.

Апат салдарынан жеңіл көліктегі 63 жастағы жолаушы А.Пушкаревский қайғылы қазаға ұшырады. Ал отыз жастағы көлік жүргізушісі В.Пушкаревский Жаңақорған аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне, екінші жолаушы, 1954 жылы туған А.Хохлова дене жарақатымен хирургия бөліміне жатқызылды.