Көлік аудару уақытынан рекорд қойған әйел Youtube-тің жұлдызына айналды
АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Коряеның тұрғыны көлікті жүргізу бойынша емтихан тапсыру барысында жаңа әлемдік рекорд орнатты! Аз ғана уақыт ішінде ол автодромға шығар-шықпастан жеңіл көлікті аударып үлгерді.
Әйел көлік басқышына аяғын қойғаны сол-ақ еді, нұсқаушының айғайын естіді. Ер адам тежегішті басуды сұраған, бірақ әйел барлығын керісінше жасады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Автокөлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылды. Мына бейнекадрларды оқу-жаттығу көлігінің бейнерегистраторы түсіріп алған.
Бейнеролик ғаламторға орналастырылған уақыттан бастап оны екі миллионнан астам адам тамашалап үлгеріпті.
Айта кетсек, бұл елде автокөлік жүргізушісі құжатын алу үшін сан мәрте емтихан тапсыруға болады.
Мәселен, осыдан үш жыл бұрын осы елдің басқа азаматшасы емтиханды 950 рет тапсырып, автожүргізуші атанған болатын.