Көлік иелеріне медициналық анықтаманы 4 мамандандырылған ҚР ХҚКО бере бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 мамандандырылған ХҚКО-ларда медиктер жұмыс істей бастады. Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиевке сілтеме жасай отырып Kazpravda.kz хабарлады.
«Бүгінде 5 осындай орталық ашылғанын білесіздер, олардың төртеуінде психоневрологиялық және наркологиялық дипансерлер қызметкерлері жұмыс істейді, олар көлік иелеріне қажетті анықтама береді. Таяу уақытта астаналықтарда да осындай мүмкіндік пайда болады», - деп хабарлады агенттік басшысы.
Жұмағалиевтің айтуынша, Астанадағы автомобильдік ХҚКО клиенттері алдағы уақытта психоневрологиялық және наркологиялық дипансерлердің анықтамаларын ала алады. Анықтама жүргізуші куәлігін алған кезде қажет екенін атап өтеміз.
БАА төрағасы сондай-ақ «мамандандырылған ХҚО ашылуына қарай қызмет басқа да өңірлерге енгізілетінін хабарлады. Сонымен, 2015 жылдың басында Қызылорда, Петропавл, Павлодар, Талдықорған қалаларында 4 көлік ХҚКО іске қосу жоспарлануда».
Сондай-ақ агенттік меморгандармен бірлесіп 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін 32 жаңа қызметтерді іріктегені белгілі болды.