Көлік қаққан көше сыпырушы қайтыс болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көлік қаққан көше сыпырушы қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«62 жастағы ер адам ауруханаға өте ауыр жағдайда келіп түсті. Барлық реанимациялық іс-шаралар нәтиже берген жоқ. Ақ халаттылар оның жанын арашалап қала алмады», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, қайғылы оқиға кеше таңертең болған еді. Саин көшесімен солтүстікке бағыт алған Хонда көлігі ер адамды қағып кетті. Соққыдан ер адам ауыр жарақат алды.

62 жастағы ер адам «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жұмысшысы, аула сыпырушы болып шықты.

Көлік жүргізушісінің айтуынша, марқұм артқа қарай шегініп қалған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум