Көлік карталарынан екі рет төлем алынуы мүмкін емес - «Астана LRT»

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» өкілдері автобустардың валидаторлары көлік карталарынан қате ақша алып жатқаны туралы шағымдарына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік карталарынан екі рет төлем алынуы мүмкін емес - «Астана LRT»

«Біз бүкіл жүйені тексеріп шықтық, онда, кейбір жолаушылар шағым жасағандай, екі рет ақша алынбаған. Бұл ғимарат ішінде 4 телефон қосылған бір желі сияқты. Бір валидатор басқасынан ерекшеленуі мүмкін емес», - дейді ұйымның баспасөз хатшысы Науат Азанбаева редакцияның ресми сауалына.

Бұрын жолаушылар әлеуметтік желіде алдыңғы есіктен кіргендегі валидатор 180 теңге, ал автобустардың басқа валидаторлары 90 теңге алатынын айтып арызданған еді. Бұдан тыс, валидация жүйесіндегі басқа да ақауларға қатысты пікірлер айтылып жатыр. Мәселен, кейбіреулер басқа автобусқа ауысқанда, алдыңғы есіктен кірген жердегі валидаторда «ауысу» деп емес, «валидация» деген жазу шығатынын айтады.
«Аппарат «валидация» деп жазғанмен, картаның ішінен ақша алынбайды», - деп сендірді Н. Азанбаева.

«Астана LRT» өкілі, бұдан тыс, жолаушылар жүйенің ақаусыз жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізгенде де, бұл туралы тіс жармайтынын жеткізді.
«Жолаушылар өздерінің қанша жол жүргенін қадағалап отырмайды. Бірақ ол туралы әлеуметтік желіде айтпайды. Өздеріне ұнамаған дүниені жариялайды да, жүйенің ақаусыздығы туралы тіс жармайды», - дейді ол.