Көлік құралдары салығын 1 сәуірге дейін төлеу керек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдары салығын 1 сәуірге дейін төлеу қажеттігін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көлік құралдары салығын 1 сәуірге дейін төлеу керек

«Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web-порталында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады.

Сонымен бірге, салық органдарымен есептелген алдағы төленетін көлік құралдарына салынатын салықтың сомалары «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшаның пайдаланушыларына PUSH-хабарлама түрінде наурыз айында жіберіледі», - деп жазды ведомстводан.

Есептелген салық сомаларын «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Электронды сервистер»→«ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу қызметі» сервисінде, сондай-ақ «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасында көруге болады.