Көлік қызметкерлері күніне орай мерекелік концерт өтті - Астана

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Көлік қызметкерлері күніне орай Железнодорожный кентінде Қырқыншы стансада мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Көлік қызметкерлері күніне орай мерекелік концерт өтті - Астана

Мерекелік іс-шараны Алматы ауданы әкімінің аппараты дайындады. Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Бекбол Сағын Көлік және байланыс саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның көлік саласының міндеті көлік қызметтеріне деген сұранысты қанағаттандыру мен бақылау ғана емес, сондай-ақ жаңа өндіріс пен сауданы дамытуды ынталандыру, өмір сүру сапасын арттыруға ықпал ету, экономиканың басқа салаларынан көш ілгері болу», - деді аудан әкімі.

Бұдан басқа, бұл күні Қырқыншы стансаның қызметкерлері белсенді жұмысы мен ауданның қоғамдық өміріне қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

№50,59 балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, № 29 мектеп оқушылары мен станса қызметкерлері қызықты концерт ұйымдастырып, келушілерді тәнті етті, деп хабарлайды astana.kz.