Көлік қызметкерлерінің ереуілдерінен жүздеген мың еуропалық зардап шегуде

АСТАНА. ҚазАқпарат – Теміржол қызметкерлерінің ереуілінің салдарынан рождестволық демалыстарына 200 мыңнан астам француз бара алмай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Көлік қызметкерлерінің ереуілдерінен жүздеген мың еуропалық зардап шегуде

Демалыс күндері бес пойыздың екеуі тоқтатылады. Осындай жағдайды болдырмас үшін жаңа жылдық демалыста француз жол операторы кәсіподақтарға қызметкерлер үшін жақсартылған жағдай жасауды, соның ішінде жұмыс орындары мен сыйақыларды көбейтуді ұсынды. Ла-Манштың арғы бетіндегі, Ұлыбританиядағы жағдай бұдан да күрделі. Онда жұмадан бастап 31 желтоқсанға дейін барлық көлік құралы қызметкерлері, соның ішінде жедел жәрдем жүргізушілері ереуілге шығуда.

Сондай-ақ пошта қызметкерлері, шекара және жол қызметтерінің жұмысшылары, медициналық қызметкерлер, тіпті көлік жүргізу мектептеріндегі емтихан алушылар да жұмысқа шықпай жатыр.

Ереуілдер премьер-министр Риши Сунактың мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақыны едәуір көтеру туралы талаптарын қабылдамай отырған консервативті үкіметіне қысым жасауда.


Фото: ru.euronews.com

/