Көлік министрлігі: Алматы облысында пойыздардың қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Алматы облысында пойыздардың қозғалысы тоқтатылды,
деп хабарлады Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Су тасқыны салдарынан Алматы облысындағы Сарыөзек-Үштөбе-Матай теміржол учаскелерінде наурыздың 12-сінен бастап барлық пойыздардың қозғалыстары жабылған болатын.
Жел екпінінің 28 метр/секундқа дейін күшеюіне байланысты наурыздың 15-інен бастап Достық-Ақтоғай учаскесіндегі теміржол қозғалысы жабылды.