14:04, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Көлік министрлігі дағдарысқа қарсы шаралары аясында алдымен ішкі шығыстарды оңтайландыруға маңыз береді - С. Ахметов
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Көлік және коммуникация министрлігі дағдарысқа қарсы шаралары аясында
ең алдымен ішкі ресурстарды жұмылдыруға және шығыстарды оңтайландыруға назар аударатын болады.
Бұл туралы бүгін осы министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұнда үлкен резерв бар. Саланың барлық субъектілері даму бағдарламасын қайта қарауы және негізгі қызметтен тыс шығыстар мен инвестицияларға мораторий жариялауы қажет», деді алқада С. Ахметов.
Оның сөзіне қарағанда, пайдалану және операциялық қызметті тікелей қамтамасыз етумен байланысты емес шығыстарды болдырмау қажет. «Инвестициялық және пайдалану бюджеттері оңтайландырылсын. Қаржыны үнемдейтін уақыт келді», деді ол.