Көлік министрлігі темір жол саласы бойынша тарифті жыл сайын 15 пайызға ұлғайту жөніндегі шешімге түзетулер енгізу қажет деп санайды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Көлік және коммуникация министрлігі темір жол саласы бойынша 5 жыл бойы тарифті жыл сайын 15 пайызға ұлғайту туралы қабылданған шешімге түзетулер енгізу қажет деп санайды. Бұл пікірді бүгін аталмыш министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Серік Ахметов білдірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2008 жылдың қаңтарындағы алқада инвестициялық бағдарламалардың бірқатары бастамашылықпен өзгертілді, ал оларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді кезең-кезеңімен ұлғайту туралы шешімдер қабылданды. Мысалы, темір жол саласы бойынша 5 жыл бойы тарифті жыл сайын 15 пайызға ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл 887 млрд. теңге сомасында инвестициялық капитал құрауға мүмкіндік береді. Өткен жылдардың жағдайында бұл барынша орынды және дұрыс шешім болды. Бүгінгі күннің ақиқаты бізден өткен жылғы шешімдерге түзетулер енгізуді талап етеді», деді С. Ахметов. Оның айтуынша, бұл жерде ішкі оңтайландыруда қол жеткен сомаларды, кірістердің жоғалуын, тұтынушылардың төлемге қабілетті сұранымына тарифтердің әсерін және басқа көптеген дүниелерді салыстыру маңызды. «Осыған байланысты біз жіті ойластырылған тәсіл дайындайтын және дағдарысқа қарсы айқын бағытталған икемді тарифтік саясатты қалыптастыратын боламыз», деді ол.
Соңғы жаңалықтар