Көлік министрлігінде жекеменшік техникалық бақылау орталықтарын құру мәселесіне қатысты баспасөз мәслихаты өтеді
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - 17 қаңтар күні ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде ведомство басшысының орынбасары Асылбек Дүйсебаевтың қатысуымен Қазақстан өңірлерінде жекеменшік техникалық бақылау орталықтарын ұйымдастыру мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
Баспасөз мәслихаты барысында аймақтарда жүргізіліп жатқан жұмыстар мен техникалық бақылау орталықтарын уақытылы ашу мәселелері талқыланатын болады.