Көлiк өндiрушiлерiн қолдауға 70 млрд. теңге бағытталады - Мәжiлiс
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы республикалық бюджеттен Қазақстанның көлiк өндiрушiлерiн қолдауға 70 млрд. теңге бағытталады. Бұл туралы бүгiн ОҚК өткен брифингте ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты Александр Милютин мәлiм еттi.
«2015 жылы кәсiпкерлiк субъектiлерiн қаржыландыруға 75 млрд. теңге қарастырылған, оның 70 млрд. теңгесi - отандық көлiк өндiрушiлердi қолдауға жұмсалады», - деп атап өттi ол.
Депутаттың айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5 млрд. теңге техникалық реттеу арқылы iшкi нарықты қорғауға бағытталады.
Еске салайық, ҚР Парламентiнiң мәжiлiсiне 2015-17 жылдарға арналған бюджеттiң жаңа жобасы түскен болатын. Оның аясында қосымша 700 млрд. теңге үнемдеу жоспарланған. Олардың басым бөлiгi мемлекеттiк органдар мен ұлттық компанияларға бөлiнген қаражатты қысқартуды көздейдi. Әлеуметтiк саланың қаржысы бұрынғы деңгейiнде қалады.