Көлік полицейлері Алматы әуежайында жүрген алаяқты ұстады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 11 мамыры күні Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне 28 жастағы ер азамат шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз тұлға біреудің сеніме кіріп, алаяқтық жолмен оның 500 АҚШ доллар қаражатын иемденіп кеткен, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

Көлік полицейлері Алматы әуежайында жүрген алаяқты ұстады

Оқиға 8 мамыр күні сағат 21.00-де Алматы қаласы әуежайының маңында болған. Келтірілген материалдық шығын көлемі - 166 500 теңге.

Көлік полицейлері жедел-іздестіру шараларының барысында ізін суытпай 33 жастағы ер азаматты ұстады. Күдікті уақытша жұмыссыз жүрген Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

Аталған факт ҚР ҚК 190-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қазір уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.