Көлік полицейлері Есіл стансысында жасалған кісі тонау қылмысының бетін ашты

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Есіл стансысында көлік полицейлері кісі тонау қылмысының бетін ашты, деп хабарлады Көліктегі Орталық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Есіл стансысының желілік бөліміне шағымданған Ақмола облысының 27 жастағы тұрғын әйелі, стансыда оның қолындағы сөмкесін жұлып әкеткен ер азаматқа қатысты шаралар қабылдауды өтінеді. Ұрланған сөмкеде 15 мың теңгедей ақша, «Samsung» ұялы телефоны және құжаттар болған.

Жедел-іздестіру шараларының барысында полицейлер Есіл стансысының теміржол вокзалында 23 жастағы қала тұрғынын ұстады және тінту кезінен одан ұрланған заттар табылады. Заттай айғақтар тәркіленді, факті бойынша қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар