Көлік полицейлері пойызда кетіп бара жатқан жүкті әйелдің босануына көмектесті

None
None
ШУ. ҚазАқпарат - Шу стансасындағы желілік полиция бөліміне «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының жолаушысы медициналық көмекке мұқтаж деген хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мотабар Ибрагимова Қарағанды қаласынан өзінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Шымкент қаласына келе жатқан.

Жол жүру кезінде жүктілігіне байланысты өзін жайсыз сезініп, медициналық көмек сұратады.

Көмек сұраған азаматша өзінің жүктілік мерзімінің толық 9 айға толғанын ескерткен.

Аталған хабар бойынша Шығанақ станциясының патрульдік полицейі Б. Жолтаев азаматшаға көмек қолын созу үшін оқиға орнына жетеді.

Көмекке асыққан полицей азаматшаны пойыздан түсіріп алып, жедел-жәрдем қызметімен Мойынқұм аудандық перзентханасына жеткізеді.

Жедел әрекет нәтижесінде аяғы ауыр азаматша аталған перзентханада нәрестесін аман-есен дүниеге алып келді.

Перзентханадан шыққан соң М.Ибрагимованы алып кетуге келген жолдасы көлік полицейлеріне арнайы келіп, ерекше алғысын білдірген.

«Мұндай көмекті полицейлердің көрсетуі - азаматтық болды. Әйелімді жол үстінде, басқа мекенде босанады деп ойламадым. Жанымда екі қызым болған. Олармен бұл станцияда қалу мүмкін болмады. Мен қыздарымды алып, Шымкентке қарай кеттім. Жүкті әйелімді полицейлерге сеніп тапсырдым. Шүкір. Қазір тағы бір қыздың әкесі атандым. Қызымды аман-есен қолыма алуға көмек еткен көлік полицейіне алғысым шексіз», - дейді жолдасы.

Мотабар Ибрагимованың жолдасы әйелін перзентханадан шығарып алған соң, алғыс айту үшін Шығанақ станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне арнайы келген.

Өз кезегінде көмек еткен полицейлер анасы мен әкесін жаңа туған сәбиімен құттықтап, темір жол вокзалынан Шымкентке қарай шығарып салды.


Соңғы жаңалықтар