Көлік полициясының 91 жылдығына арналған турнир өтті

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Көліктегі Орталық Ішкі істер департаментінде шағын футболдан турнир өтті.

Көлік  полициясының   91 жылдығына    арналған    турнир өтті

Бұл шара Көлік полициясының 91 жылдығына арналды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Салауатты өмір салтына және спортпен айналысуға баулу, сондай-ақ Көлік полициясы күнін тойлау мақсатында, ақпанның 2-сі мен 12-сі аралығында «Динамо» спорт кешенінде Көліктегі Орталық Ішкі істер департаменті бөлімдерінің арасында шағын футболдан чемпионат өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 9 ұпай жинаған Астана стансысындағы желілік ішкі істер бөлімінің құрама командасы иеленді. Ал екінші жүлделі орын әкімшілік полициясы мен қосалқы қызметтер бөлімдерінің құрама командасына бұйырса, үшінгі орынды департамент аппаратының жедел-тергеу бөлімдерінің құрама командасы қанағат тұтты.

Жеңімпаздар департамент грамоталарымен атап өтілді. Айта кету керек, Көлік полициясы ақпан айының 18-інде да өзінің 91 жылдығын атап өтеді.